Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан Сарыбел ауылында ауқымды «Open Air Sarybel» фестивалі өтті. Нәтижесінде өңірдің туристік маусымы ресми түрде ашылды. Жағажайға 5 мыңнан астам демалушылар жиналып, мерекелік көңіл күйді сезінді. 

Фестиваль жоғары деңгейде өтті. Шараға 33 кәсіпкер қатысып, келушілерге ұлттық тағамдардан бастап 40-тан астам өнім түрін ұсынды. Жиналғандар холи шоуы, көбік кеші сынды мерекелік кешке белсене қатысты. Сондай – ақ отшашуға куә болды. Концерттік бағдарламаның басты хедлайнері – танымал қазақстандық әнші Say Mo. 

Ермек Асқаров, Самар аудандық туризм және инвестициялар орталығының басшысы: 

Самар ауданында алғашқы рет осындай ауқымды іс-шара өтіп жатыр. Осы шара алдағы уақытта жыл сайын 6 маусымда өте беретін болады. Самар аудынында қәзір туризм дамып келеді. Самар ауданы жағажай туризмінің орталығы болып есептеледі. Қазіргі таңда Қытайдың тур фирмалары келіп өздерінің туристтерін осында жайғастырып жатыр жаз кезінде. 

 «Open Air Sarybel» фестивалі – Шығыс Қазақстандағы жағажай туризмінің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті. Алда Самар ауданы демалушыларды қабылдауға сақадай сай. 

Нұртас Қайролдаев