Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа жолдауында денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін дәрігерлер дайындау жүйесін жетілдіру керек екенін атап өткен. Алдағы үш жылда студенттерге бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді. Мұның барлығы ұлт денаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға септігін тигізбек.

Халыққа сапалы қызмет көрсету көбінесе біліктілікке және қажетті мамандардың болуына байланысты. Сондықтан, мемлекет басшысының қолдауымен  аса тапшы мамандықтар бойынша білім беру гранттарының саны артып келеді. Оған дәлел, Өскемен жоғары медициналық колледжі. Колледж директорының айтуынша, биыл грант саны көбейіп қана қоймай, оқу орнына жаңа мамандықтар да қосылған.

Оқу орны жыл сайын 450-500 ге жуық жас мамандарды даярлап шығарады. Бітіріп шыққан түлектердің 80 пайызы дерлік жұмысқа орналасады.

Сұранысқа ие мамандықтың студенттері де колледжды аяқтаумен ғана шектеліп қалмай, ары қарай білімін жетілдіруге ниетті. 

Мұнда білім алушылардың барлығы қалалық және облыстық ауруханалардан іс-тәжірибеден өтеді. Айта кетейік, қазірде жас мамандарды ынталандыру мақсатында медицина мамандарының жалақысын көтерген. Сондай-ақ  мамандарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламалары да қарастырылған.