«Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылғалы елдегі азаматтар білімін шет елдерде жетілдіруге мүмкіндік алды. Аталған бағдарлама игілігін көрген жастар аймақта да бар. Солардың бірі – Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Серікхан Нұртазин.  

Серікхан Нұртазин Аягөз қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыстық басқармасында бастады. Мансабын мемлекеттік қызметпен байланыстырған ол «Болашақ» бағдарламасымен шет елде білім алуды көздейді. Осылайша 2016 жылы Мәскеу қаласындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Академиясына оқуға түседі. Оқу ордасында «Халықаралық экономикалық ынтымақтастық» мамандығын тәмамдап, магистратураны «үздік» болып аяқтайды. 

Мұхит асып, әлемнің түкпір-түкпірінде білім алған жастар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесі зор деген пікірде Серікхан Нұртазин. «Бола­шақ» бағдарламасы Қазақ­станда білім мен ғылымды насихаттауға орасан еңбек сіңіруде. Бұл үрдіс әрі қарай жал­ғасын табары сөзсіз.