Өскеменде жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіріс орындарының бірі  - жаңа киім үлгісін шығара бастады. Кәсіпорынның өнімдері ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған. 

Қазақстанда мүмкіндгі шектеулі балаларға киім тігетін шеберханалар мүлдем жоқ. Мұндай бүлдіршіндерге арналған киім-кешекті тек қана алыс-жақын шетелдерден алуға болады. Алайда жақын арада жағдай өзгеріп, Шығыс Қазақстанда ерекше балаларға арнап киім тігетін кәсіпорын ашылмақ. 

Қазір мамандар модельдерді жасап, ерекше киім жасау үшін қажетті материалдар мен керек-жарақтарды таңдаумен айналысуда.

Мамандардың айтуынша, жаңа киім желісін дамыту бірнеше айға созылады. Себебі, дизайнды жобалау кезінде әр баланың ерекшелігіне баса мән берілу керек.  

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа киім топтамасы осы күзде шығарылады. Алғашқы коллекциядан тігілген барлық киімдер "Махаббат" оңалту орталығының балаларына сыйға тартылады.