Өзекті мәселелердің бірі – жылыту маусымына дайындық. Өңірде әзірлік жұмыстары әлдеқашан басталып кеткен. Қысы ұзақ әрі суық Алтай ауданының тұрғындары да жылу берілуін асыға күтіп жүр. Бұл үшін ауданға тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көмірдің жеткілікті қоры алынған. 

 «Күн суытты, көп ұзамай жылу да беріледі» деп күтілуде. Алтай ауданындағы жауапты құзырлы орын қызметкерлері алаңдауға негіз жоқ екенін айтады. 2022 жылдың күзіне дейін бірқатар олқылықтар түзетіліп, жөндеу жұмыстары ойдағыдай жүргізілген. Қоймаларда қара отынның қоры да жеткілікті. 

Бас инженердің айтуынша, бұл уақытта мекеме  «Қазақэнергосараптама» мамандарынан оң бағасын алған. Бұл дегеніміз, «Тепловодоцентраль» мемлекеттік құзырлы мекемесі құжаттық негізде рәсімделіп, ауданды жылумен қамтамасыз ету  жұмыстарына көшеді.