«Ертіс коцертте» жаңа маусымның ашылуы. Маусымашарда көрермен қауымға жаңа бағдарлама ұсынылды. Сүйікті танымал әндер мен жаңа туындылар жанды дауыста орындалған кеш талғампаз тыңдарманға ерекше қуаныш сыйлағаны сезілді.

Жаңа маусымда 50-ден аса мәдени шара жоспарланып отыр. «Ертіс концерт» үшін бұл маусым айрықша белес болмақ. Классикалық музыка кешінің шымылдығы Е.Брусиловскийдің «Шегенің ариясы» операсымен ашылды. 

Жаңа маусымда өзгерістер де жоқ емес. Маусымашар концертінде көрермен қауымға жаңа концерттік бағдарлама ұсынылды. 

Өнер сүйер қауыммен жаңа маусымда қайта қауышқан «Ертіс концерт»  әртістерінің өнері жоғары бағаланды.

Барша ұжымның басын біріктірген концерттік маусымның ашылуынан кейін, әр ұжым жеке өз бағдарламаларымен өнер көрсетпек. Жаңа концерттер мен қойылымдарды тек өскемендіктер ғана емес, қала қонақтарының көруге мүмкіндіктері бар. Алдағы уақытта ұжым гастрольдік сапармен аудандарды араламақ.