Өскеменде жеңіл атлетикадан республикалық «Қазақстандық арнайы олимпиадалар» ойындары басталды. Елдің 7 өңірінен келген 8 команданың өзара сынына ақыл-есі кем, психикалық ауытқуы жандар қатысты. Турнирдің ерекшелігі де осы. 

Өмірдің сынына тап болса да бәрімен тең болуға ұмтылғыш спортшылардың турнирі жыл сайын ұйымдастырылатын, дәстүрге айналған шара. Мамандар да мұндай жандар әр кез қоғамның назарында болып, өздерін өзгеден оқшау сезінбеулері керек, дейді. 

 «Қазақстандық арнайы олимпиадалар» ойындарына облыс атынан қатысып жатқан құраманың жаттықтыруышысы Раиса Паладьева «бүгінге дейін ешбір жарыстан қалмадық. Облыстық деңгейдегі сайыстан бастап, халықаралық сындарға барып, ел атын асқақтатып жүрміз» дейді өз сөзінде.

Облыс құрамасының мүшесі Саян Құсайынов республикалық турнирге қатысып жатқанына өте қуанышты. Бұған дейін басқа спорт түрімен айналысқан ол, бүгін қысқа қашықтықта жүгіру сынында алдына жан салмайтына аса сенімді. 

Ұйымдастырушылар ақыл-есі кем, психикалық ауытқуы бар жандарға арналған спорттық турнирлерді ұйымдастыратын қоғамдық бірлестіктің жұмыс істеп келе жатқанына бүгінде отыз жылдан асқанын айтады. Мүмкіндігі шектеулілерді еш жерде шектемей, керсінше бар болғаны оларды жаратылысы ерекше жандар ретінде қабылдау керекпіз, дейді олар.