Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді тегін кәсіптік оқытуды ұйымдастырады. Жоба  мақсаты – жұмыссыздық деңгейін азайтып, екі қолға бір күрек іздегендерге, өз ісімен айналысқысы келген жандарға жаңа мүмкіндіктер ашу.

Қоғамдық маңызы бар, сұранысқа ие мамандықтарды даярлау бойынша, қажетті әрі сапалы кадрлар шығаруға мол мүмкіндік ашылуда. Бағдарлама аясында, тігінші мамандығын оқып, жобаны сәтті аяқтаған жастардың бірі – Гаухар Ғабдуллина. 

Кәсіптік оқыту бойынша оннан аса мамандық қамтылған. Ағымдағы жылы жоспарлы көрсеткіш 237 адамды құрады, 176 азамат оқуға бағытталып, 96-сы курсты тәмамдады, ал 80 қатысушы жұмысқа орналасқан.

Кәсіптік оқыту қазіргі таңда әлеуметтік тұрмыс-тіршілікті жақсартуға, жұмыспен қамту мәселесін шешуге, ел экономикасының дамуына септігін тигізуде.