«Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Жолдаудағы үшінші бағдар – ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция еді. 

Бәсекеге қабілетті денсаулық саласының бірінші көрсеткіші – кәсіби мамандар, яғни білімді, тәжірибелі дәрігерлер. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында медициналық оқу орындарының жанынан ауруханалар мен емханалар ашылатыны туралы хабарлады. Аталған бастама дәрігерлік сала бойынша білім алып жатқан студенттердің тәжірибе алмасып, маман ретінде өсуіне жағдай жасайды. Алдағы үш жылда резидентура бойынша бөлінетін грант санының 70 пайызға артатыны жағымды жаңалық болды.

Қоғамның үйлесімді дамуы ұлт денсаулығы қамтамасыз етілген жағдайда ғана мүмкін болады. Денсаулық сақтау саласындағы реформаларға қарамастан, бұл салаға әлі де тың серпіліс қажет. Жинақталған проблемалардың бүкіл кешенін бір уақытта шешу мүмкін емес екені анық. Саланы созылмалы түрде толық қаржыландырмау сақтандырылған азаматтардың өздеріне тиесілі медициналық қызметтер көлемін толық ала алмауына алып келеді. 
Жолдау –  ұлт болашағын жарқын ететін саяси оқиға. Мемлекет басшысы жолдаған маңызды құжат елдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалын талдайды. Халықтың әл-ауқатын арттырып, экономикамыздың өркендеуіне үлес қоспақ. Медицинаны қолдау шараларын ақ халатты абзал жандар зор ықыласпен қабыл алды.