Зайсан ауданы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша аймақта биыл бірқатар табысқа қол жеткізді. Мәселен, 9 айдың қорытындысына сәйкес мұнда жалпы ішкі өнім 35,6 млрд, теңгеге жеткен. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 5,8 млрд.теңге. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 23,6 пайызға артқан. Салаға тартылған инвестиция 341,2 млн.теңге. Ал бөлшек сауда тауар айналымының көлемі өткен жылға қарағанда 1326,8 млн. теңгеге артты. өсу қарқыны 118,6% -ға жетті. Зайсанда атқарылып жатқан игі істерге тұрғындар жағы дән риза. Себебі, ауданда артезиан ауыз суы мен әртүрлі сусындар өндіруге бағытталған ірі кәсіп орын іске қосылды. Бұл өз кезегінде аудандағы жұмыссыз азаматтардың қатарын азайтуға сеп болды.
Ауданда облыс басшысы Даниал Ахметовтың бастамасымен «Шекаралық аймақтарды дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы» аясында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Бағдарлама ең алдымен қолайлы өмір сүру ортасын құруға және өмір сүру деңгейінің сапасын арттыруға, тұрғын үй-коммуналдық саладағы мәселелерді шешуге, жол-көлік инфрақұрылымдарын жақсартуға, демалыс және спорт ғимараттарының желісін қалыптастыруға бағытталған. Зайсанда іске асырылған бастамалардың нәтижесінде ауданымыз күннен-күнге гүлденіп келеді,дейді тұрғындар.