Аймақ құтқарушылары адамдардың өмірін қауіпті жағдайларда сақтап қана қоймай, төтенше жайттарда әрекет ету амалдарында үйретеді. Мәселен, департамент қызметкерлері Өскемендегі мектеп оқушыларына таяуда шеберлік сағатын өткізді. Оларға ең маңызды қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берді.
Өскемендегі өрт сөндірушілер оқушыларға өз мамандықтары туралы баяндады. Бұл салада алдын-алу шараларын жиі өткізу аса маңызды. Әсіресе өскелең ұрпақ үшін,дейді мамандар.
Өңірдің өрт сөндірушілері қызыл жалынмен күрес барысындағы іс-қимылдарды оқушылар назарына ұсынды. Аталған дағдыларды игеруге балалар жағы ниет білдірді.
Балалар өрт сөндіру көлігіне отырып, құтқарушылардың күнделікті қызметін өз көзімен көрді.
ТЖД құтқарушылары мұндай шаралар әлі де жалғасын табатындығын айтады.