Балалар әдебиеті жаңа туындылармен толығып жатыр. Солардың бірі жерлес жазушы Оралбек Бұлжановтың «Балабақшада» атты кітабы. Жаңа кітапқа қандай шығармалар топтастырылған? А-а кешкі шығарылымында.
Балалар әдебиеті жаңа туынды толықты Солардың бірі жерлес жазушы, ақын, аудармашы, сазгер Оралбек Бұлжановтың «Балабақшада» атты кітабы. Мұнда ақынның 10-15 жылғы еңбегінің жемісі топтастырылған.
Кітап "Балабақша гимні" ән-өлеңімен басталады. Әрі мұнда мектепке дейінгі біліммен қамтитын мекемеде өтетін әрбір мерекеге арналған әндерде бар. Жинаққа бүлдіршіндерге арналған шағын әңгімелер, аударма өлеңдер мен әр түрлі тақырыптарды қамтитын тақпақтар мен қызықты жұмбақтар енген.
Осы сәттен бастап Оралбек ағаның өмірі аяқ асты өзгере бастады. «Бағдаршам» өлеңі жарыққа шыққаннан кейін әрбір мерекеге өлең жаздырсам деген жұрт қарасы көбейген. Әсіресе, бұл жинақ мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге, бастауыш сынып оқушыларына нағыз базарлық болды.
Кітаптың тұсаукесерінде қазақтың киелі аспабы домбырамен күмбірлеген күй орындалып, әсем, әуезді әндер сахна төрінде шырқалды.
Адам баласының өмірге деген көзқарасы мен талғамы да балалар әдебиетімен қалыптасады. Демек, балалар әдебиеті – ұрпақ тәрбиесінің тал бесігі, тағылым, тәлім ордасы. Сондықтан бұл сала қамқорлықтан, жанашырлықтан тысқары қалмауы керек.