Аймақтағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Сайлау комиссияларының мүшелері дауыстарды санауға кірісті.

Облыс бойынша таңғы 7-де 537 дауыс беру учаскесі ашылды. Оның ішінде Өскемен қаласында 122 учаске жұмыс істеді. Республика бойынша 11 950 485 адам дауыс беру құқығына ие болды. Оның 8 мл-нан астамы өз таңдауын жасады.Айта кетейік, ОСК сағат 20*00 де ұсынған мәліметіне сүйенсек өңір тұрғындарының 79,49 пайызы өз таңдауын жасады.