Бүгін ауыл-аймақ тұрғындарыда сайлау учаскелеріне келіп өз таңдауларын жасады. Саяси науқанға қатысушылар арасында алғаш рет дауыс бергендер де болды. Ел тарихындағы маңызды шарадан ешкім шет қалмады.

Облыс бойынша ең үлкен аудандардың бірі – Катонқарағай тұрғындары сайлауға белсенді қатысты. Сайлаушылар көтеріңкі көңіл – күймен өз таңдауларын жасады. Солардың ішінде Үлкен Нарын ауылының 75 жастағы тұрғыны Күлдарияға Сыдықова №849 учаскесіне келіп бірінші болып дауыс берді.

Ал Ұлан ауданындағы Каменка ауылдық мектебінің жас мұғалімдері №984 сайлау учаскесінде ұжыммен дауыс берді.

Күршімдегі 100 жастағы батыр ана – Хадиша Тұржанова өз таңдауын жасап, белсенділігімен баршаға үлгі көрсетті. Өзінің азаматтық парызы дауыс беру құқығын орындай отырып, еліміздің жарқын болашағы – жастарға батасын берді.

Алтай ауданының кеншілері де дауыс берді. Мұнда 12555 сайлаушы тіркелген. Аудан тұрғыны Алексей Болотов тарихи сәтке өз үлесін қосу үшін отбасымен келді. Айтуынша, таңдау жасау құқығы әр адамда бар. Бүгінгі сайлаудың ең алғышарты да осында.

Өңірге қарасты бірқатар аудандардағы жағдай осы.Барлығы да таңдау жасауға асықты. Себебі, әр азамат сайлаудың маңыздылығын терең түсінеді.