Облыстық және республикалық маңызы бар жолдар бақылауда. Аймақта қыс мезгілінде күре жолды күтіп ұстауға қажетті техникалар мен материалдар жеткілікті ме? Қар құрсауында жиі қалатын елдімекендердегі мәселе биыл қалай шешімін таппақ? Бұл туралы салаға жауапты компаниялардың қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Қазіргі таңда облыста 518 бірлік қар тазалау техникасы бар. Бұл техника күн сайын облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды тазартуға шығады.

Жылыту пункттері қыс мезгіліне дайын. Олар бірінші кезекте қажетті өнімдермен, көмірмен қамтылды. Жолдардың аса қауіпті учаскелеріне себілетін көктайғаққа қарсы құм тәрізді материалдар тұрақты түрде жеткізіледі. "Қазақавтожол" компаниясы ШҚ және Абай облыстары бойынша республикалық маңызы бар жолдарға қызмет көрсетеді.

Ал қажет болған жағдайда басқа ұйымдардан техника тарту көзделген. Ұзындығы 125 шақырым болатын 142 учаске тәулік бойы бақылауда. Сондай-ақ, қардан қорғайтын қалқандар орнатылады. Сонымен қатар, Қазақавтожол құрамында сыйымдылығы 30-дан 100 адамға дейінгі 11 жылыту пункті бар.