20 қарашада өткен Президент сайлауының қорытындысы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев енді 2029 жылға дейін Қазақстан Президенті болып, 7 жылдық бір мерзімге сайланды.

Президенттік сайлаудың алдын-ала қорытындылары ресми хаттамалармен расталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. Мәселен, бұл додада үлкен айырмашылықпен Қасым-Жомарт Тоқаев көш бастады.

Халықаралық сарапшылар кезектен тыс Президент сайлауына қатысты өз пікірлерін білдіруде. Осылайша, шетелдік байқаушылар сайлау процесінің транспарентті болғанын атап өтіп, бұл оқиға Қазақстанның посткеңестік мемлекеттен жаңа формаға көшуіндегі өте маңызды кезең болғанын атап өтті.

Ал, Еуразиялық геостратегиялық зерттеулер институтының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Евгений Бажановта саяси науқан жөнінде пікірін білдірді....

Саясаттанушы Қазақстанның жолын Түркия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Қытай сынды дамыған елдермен салыстырып, бірнеше ондаған жыл бұрын олар бірқатар маңызды реформаларды іске асырып, қазір ең прогрессивті мемлекеттердің қатарына кіргендігін атап өтті. Евгений Бажанов Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бағдарлама Қазақстан Республикасын өркендетіп, оны әлемдік аренада ілгерілетеді деген ойын білдірді.

Күтуге көп уақыт қалған жоқ. Алда ел азаматтары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларына, оның нәтижелеріне өз бағасын бере алады.