Риддердегі жылыту қазандығын ретке келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Қалада төтенше жағдай режимі әлі де сақтаулы. Жедел шаралар аясында бүгінгі күні 4 қазандық іске қосылды. Ал өзге нысандардың жылу беру жұмысы ретке келтіріп, инфрақұрылымы қалпына келтіріліп жатыр. Апаттың қайталануын болдырмау мақсатында  әр қазандықтың жұмысын қадағалайтын мамандар тобы құрылған. Олар төтенше жағдай туындаған уақытта бірден олқылықты ретке келтіреді. Аймақ басышсы Даниал Ахметов Риддердегі апат салдарын ретке келтіру бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде бүгін мәлімдеме жасады.