Жұмыс орнында болатын апаттық жағдайларда екі тарап бірдей кінәлі. Қызметкер де, мекеме иесі де еңбек заңнамаларын бұзсса жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлімдеді. Ал аймақтағы өндіріс орындарында жарақат алғандар саны қанша? Сая Жарасқызы рет-ретімен.

Жұмыс беруші қызметкерінің жарақат алуын болдырмау үшін, ең алдымен оны жеке қорғаныс құралдарымен қамтуы тиіс. Бұл Еңбек заңнамасында да бекітілген талап. Ал оны іске асыру мақсатында өңірде 2025 жылға дейінгі арнайы бағдарлама жасақталды.

Жұмыс орнындағы қауіпсіздік таплаптарының орындалуын арнайы бақылау тобы қамтамасыз етеді. Ол өз кезегінде өндірістің ерекшелігі мен жағдайына, қызмет түріне байланысты тұрақты тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Алайда, кей жағдайда қос тарап бұл қызмет түрінен бас тартып жатады. Салдары...

Айта кетейік, елдегі кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. Өндіріс орындарында да арнайы қауіпсіздік қызметтері бар. Олар арнайы шараларды әзірлейді, қауіпсіздік техникасының жай-күйін бақылап, жұмыс тәсілдерін оқытудан уақтылы өтуін қадағалайды.