Аймақтағы оқырманға жаңа әдеби альманах жол тартты. «Төр Алтай»  атауымен жарық көрген журнал облыс әкімдігінің қолдауымен оқырманға таныстырылды. Басылымда- құнды мақалалар, ғылыми ізденістер, көркем мемуарлар жинақталған.  
Бұл әдеби басылым облыс әкімдігінің қолдауымен оқырманға жол тартты.Мұнда аймақтағы ақын-жазушылардың көркем еңбектері мен романдарынан үзінділер жинақталған.  Әлемде теңдесі жоқ мемуарлар да бар, дейді журналдың бас редакторы Әлібек Қаңтарбаев.
Құнды мақалалар мен ғылыми ізденістер тоғысқан журналдың оқырман қауымға берері мол. Әсіресе, республикалық журналдарға еңбектерін ұсына алмай жүрген көпшілік үшін, оның ішінде жастарға бұл зор мүмкіндік, дейді Бақытжан Раисова.
Журналдың басты мақсатының бірі - жас таланттарға қолдау білдіру. Басылым беттерінде ақын-жазушылардың деректі материалдары да бар. Жаңа  басылым оқырманның зор ықыласына бөленіп үлгерді. Алдағы уақытта әдеби альманахтың электронды нұсқасын жарыққа шығару жоспарда бар.
Бұл еңбектің бағасы мен салмағы жоғары. Поэтикалық және прозалық шығармалар, әртүрлі мақалалар ұсынылған құнды еңбектің мән-маңызы ерекше.