Елдегі бірқатар энергетикалық нысандар тексеріледі. Үкімет басшысы Бас прокуратураға осындай тапсырма берді. Осы жұмыс арқылы жекешелендірудің қай деңгейде жүргізіліп жатқаны анықталмақ. Бұл туралы Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Жиында квазимемлекеттік сектордан төмендетілген бағамен бәсекелестік ортаға берілген қаржы ұйымын республикалық меншікке қайтару шарттары талқылады. Қазір осы факті бойынша тергеу жүріп жатыр.