Зейнетақы жинақтарын пайдаланудың шекті мөлшерін қайта қарау керек. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Премьер-министр мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасына осындай ұсыныс айтты. Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорын сынға алған халық қалаулысы зейнетақы активтерін басқаруға тартылған төрт қаржылық ұйымды брокерлік компаниялар деп атады. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені, оларға сенімгерлік басқару үшін 9 миллиард теңге берілген. Ал, бұл сомма  барлық зейнетақы жинақтықтарының 1 пайызына де жетпейді. Шенеунік мұндай көрсеткішпен Президент тапсырмасы орындалды деп айтудың өзі ұят, дейді. Жауапты мекемелерге зейнетақы активтерін басқару нарығындағы монополиямен күресу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.