Облыс аумағында 24 қарашадан бастап «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.  Мұнда құтқарушылар мен азаматтық қорғау күштері қыс мезгілінде туындаған төтенше жағдайлардың алдын-алуға арналған жаттығуларды өткізеді.  Облыстың төтенше жағдайлар департаменті мамандары алдын ала әзірленген сценарииге сәйкес құбырдан төнетін апаттық жағдайды  пысықтап, жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Бұл жолғы командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында бекітілген сценарийге сәйкес, өңірде ауа температурасы -37 ° градусқа төмендеп, су құбыры жарылады. Салдарынан 1343 абонент сусыз қалады. Оқиға орнына «Өскемен-Водоканал» апаттық-техникалық әрекет ету жасағы жетіп, жедел түрде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, құбыр жабдықтарын ауыстыруға кіріседі. Мұндай оқу-жаттығулар ел аумағында жыл сайын өткізіледі. Жиын аяқталған соң талдау жасалып, азаматтық қорғаныс қызметі мамандарының іс-әрекеті бағаланады. Әрі олардың қызметін жетілдірудің басым бағыттары белгіленеді», — деді Арман Тоқанов.