Облыс әкімі Даниал Ахметов өңірде ішкі туризмді дамыту бойынша кеңес өткізді. Себебі, бұл сала аймақтағы басым бағыттардың бірі. Туризмді ілгерілету үшін  «Жаңа Бұқтырма» атты ауқымды жоба дайындалып жатыр. Шығысқазақстанға қарасты елдімекендердің инфрақұрылымын ретке келтіру де басты назарда. Ал ол үшін Островский асуын айналып өтетін «Өскемен-Алтай» тас жолы салынуда.  Елдімекен көшелерін жарықтандыру әрі абаттандыру, әлеуметтік нысандарды салу бастамасы да күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі.
Бұқтырма су қоймасында демалушылар үшін бар жағдай жасалмақ. Мәселен мұнда жаяу жүргіншілер жолы мен веложолдар салынады. Ал, Катонқарағай ауданында экологиялық туризмге баса назар аударылады. Өлкетану мұражайы ғимаратындағы XIX ғасырдағы шіркеуде қалпына келтіріледі.
Аймақта мемлекеттік тілде оқытатын 200 орындық мектепте салу жоспарда бар. Риддер қаласында  да ауқымды жоба іске асырылмақ.Ал, Тарханка, Топиха және Черемшанка арқылы өтетін жолды арнайы топ мүшелері зерттемек. Сондай-ақ Риддерде барлық автобустың бағыттары ретке келтіріліп, 2500 шам орнатуда қарастырылуда.
Катонқарағай ауданында  көпір салуға құжаттар әзірленуде. Туризмді дамыту жобасы Сарыбелде де іске асырылмақ. Жалпы, аймақтың туристік әлеуеті өте жоғары. Бұл саланы түлету үшін нақты шаралар қабылданады , деді жиын соңында облыс әкімі Даниал Ахметов.