Жыл басынан бері аймақта 8 адам пештің талапқа сай салынбауы салдарынан уланып, көз жұмған. Дегенмен, зардап шеккендер көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 3,4 есеге төмендеген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында өңірдің төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мәлімдеді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері алдын алу шаралары өз жемісін бергенін айтады. Биыл айтып келмейтін апат салдарынан қаза тапқандар көрсеткіші 18% - ға төмендеген. Өрт кезінде балалар өліміде тіркелмеген көрінеді.
Облыс аумағында пешпен жылытылатын 3 174 үй тіркелген. Қазіргі уақытта облыстық  ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аталған үй-жайларды аралап шыққан. Нәтижесінде 2 357 бұзушылық анықталды. Әсіресе жеке тұрғын үй секторында тұратын әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Брифингте құтқарушылар аязды күндері  баспанасын пешпен жылытатын тұрғын үйлерде өрттердің жиілегенін айтады.  Сондай-ақ  мұндай күндері тұрғындар  пештерді ұзақ уақыт пайдалануы салдарынан оның жарылып, тіптен өртке ұласуы мүмкін екендігін ескертеді.