Өскеменде "Педагогикалық идеялар панорамасы" Республикалық конкурсы бойынша өңірлік кезеңінің қорытындысы өз мәресіне жетті. Бұл байқау - заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану бойынша тиімді практикаларды ұсынуға негізделген.
Байқаудың мақсаты - заманауи педагогикалық тәжірибені жалпылама түрде насихаттау, бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде педагогтердің ақпараттық  және технологиялық құзыреттілігін арттыру.
Бұл байқау - педагог мәртебесін нығайтуға және оның имиджін арттыруға үлкен көмек. Осындай мүмкіндіктерді біліп,  байқаудың 22 номинациясы бойынша 287 қатысушысы өтінім берген. Соның бірі – Иван Родионов.
Конкурсты өткізу республиканың білім беруін дамытуға және үздік педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. «Осы орайда арнайы педагогикалық тәжірибе жинау біздің мамандар үшін аса қажет» , -  дейді ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған мектеп директоры Светлана Кривицкая.
Биыл жеңімпаздарды марапаттау рәсімі онлайн режимінде өткізілді. ШҚО мен Абай облысы арасында өткен байқаудың қорытындысы бойынша   1-орынды  Динара Отарова мен Динара Аралбекова иеленді. Ал 2-орынға  Светлана Кривицкая,  Татьяна Рублева  және Әсел Серғазықызы лайық деп танылса, 3-орынды Иван Родионов місе тұтты.