Қарағандыда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында спартакиада өтті. Шараға елдің әр өңірінен келген командалар қатысты. Турнирдің мақсаты-ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау.
Спартакиада жеті спорт түрі бойынша өтті. Жарысқа – Шығыс Қазақстаннан «Алтай» және «Семей» телеарналары, Абай облысынан «Otau Karaganda», «Сарыарқа» телеарнасы мен «Kazteleradio» командалары қатысты.
Жарыстың алғашқы ойыны – футбол. Алаңда қызу бәсеке орын алып,командалар тек жеңіс үшін емес ұйымшылдық пен шеберлік үшін де сайысқа түсті. БАҚ өкілдері шахмат, үстел теннисі, волейбол, тоғызқұмалақ, қол күресі және қазақ күресі секілді спорт түрлерінен де сынға түсті.
Іріктеу турнирінің жеңімпаздары Астана қаласында өтетін республикалық сынға жолдама алады.