Қазақстандық спортшылар көркем гимнастикадан Сингапурде өткен Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді әуежайдан жанкүйерлері, достары мен туған-туыстары қарсы алды.

Көркем гимнастикадан өткен Азия чемпионатында біздің спортшылар бес таспамен және он ұршықпен өнер көрсетуден екі алтын, көпсайыс пен командалық есепте екі күміс медальді жеңіп алды.

Спортшылар жақсы нәтижеге жету үшін тыңғылықты дайындық пен жеңіске деген рухты шыңдайтын жоғары бәсекелестік қажет екендігін айтты.

Гимнасттардың алға қойған мақсаттары айқын жосаплары көп. Бұдан бөлек, өзге жарыстарға дайындықты бастайды.