Мемлекет басшысының тапсырмасымен маңызды инвестициялық жобалардың іске асуына бақылау жүргізіліп келеді. Себебі, инвесторларға қысым көрсету, бюрократия секілді түйіткілді мәселе көп. Нәтижесінде маңызды жобалар созбалаңға салынып кетеді. Осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында прокуратура қызметкерлері ел экономикасының дамуына серпін беретін жобаларды заңдық тұрғыда сүйемелдеп, кедергілерді жоюға күш салуда. Қазіргі таңда Самар ауданында марал, ірі қара және ұсақ мал басы санын арттыруды қолға алған кәсіпкерге прокурорлар заң аясында көмек көрсетуде.

Самар ауданындағы «ALMAS UK» ЖШС иесі марал, ірі қара және ұсақ мал басы санын арттыруды қолға алған. Сол арқылы өңірдегі ауыл шаруашылығы мен туризм саласын қатар дамытуды көздеп отыр. Дегенмен, кәсіпкер бастамасын іске асырар тұста бірнеше кедергіге тап болған.

Құзырлы орган өкілдері комитет шешімін тексеріп, толық зерделеуден өткізген соң, өтініштің дұрыс қаралмағанын анықтаған.

Кәсіпкер мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың аясында мәселенің оң шешім тапқанына дән риза. Себебі, осы бастама аясында Самарда жаңа жұмыс орындары құрылып, жергілікті тұрғындар еңбекпен қамтылады, дейді серіктестік өкілі.

Жобаны іске асыру үшін алғашқы қадамдар да жасалды. Катонқарағайдан маралдар сатып алынып, керекті жабдықтарға да тапсырыс берілген. Бұл жоба туризмді дамытуға таптырмас мүмкіндік. Әуелі бұл шипажайдың ашылуын ауыл тұрғындары асыға күтуде.

Прокуратура өкілдернің жемісті қызметі аясында инвестордың құқығы қорғалып, жобаның жүзеге асуына жол ашылды. Бұл-елдегі заң үстемдігі мен бизнесті қолдаудың нақты көрінісі.