Жуырда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойған еді. Соған сәйкес, жаңа айлық есептік көрсеткіш– 3450 теңге болып белгіленді. Енді 1 қаңтардан бастап жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жаңа мөлшері бекітілді.
Аталған заң жобасы аясында  күнкөріс шегі, ең төменгі зейнетақы, айыппұл көлемі, жалақы мен жәрдемақы, міндетті төлемдердің жаңа мөлшері белгіленді. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар» кодексінде белгіленген бірнеше бап бойынша жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері де артты.
Жыл басынан айыппұл көлемі бірден 13 пайызға өспек. Осыған байланысты азаматтарға жол ережесін бұзғаны үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылған.
ҚР-ның  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес, азаматтар 7 тәулік ішінде бекітілген айыппұлдың 50 пайызын бюджетке қайтарып беруге құқылы. Бұл міндет орындалмаған жағдайда айыппұлдың толық соммасы отыз күннен кешіктірілмей төленуі тиіс. Облыстық  Полиция департаменті айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын болдырмау үшін тұрғындарға міндетті төлемді уақтылы өтеуге шақырады.