Өскеменде «дарынды және қабілетті балалармен жұмыс жүйесі – ұлттың әлеуетін дамытудың негізі» тақырыбында аймақтық педагогикалық шеберхана өтті. Шеберханада Абай және Шығыс Қазақстан облысынан келген педагогтар өздерінің тың жобаларын таныстырды.
Педагогикалық шеберхананы ұйымдастырудағы басты мақсат – дарынды және қабілетті оқушылармен жасалатын жұмыс жүйесінің тиімділігін арттыру. Мұнда қатысушы педагогтар сыныптағы барлық оқушылардың оқу қажеттіліктеріне сай келетін білім беру бағдарламаларын тереңдету туралы өз идеяларын ұсынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аудан және ауылдық жерде еңбек ететін ұстаздарды шараға белесене қатысуына ықпал жасауға тырысқан.
Шеберхана барысында «Өрлеу» кәсіби даму институты директорының, облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы директорының орынбасарлары және Өскемен қалалық білім бөлімінің әдіскері сөз сөйледі.
Ұлан ауданыан келген Амангелді Қасенұлының айтуынша, мұндай шеберханалар педагогтар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Педагогикалық шеберханаға бастауыш сынып мұғалімдері, қоғамдық-гуманитарлық пән ұстаздары, математика-жаратылыстану бағытындағы педагогтар қатысты.