Облыстық драма театрда «Перебор» қойылымының премьерасы өтті. Спектакль австриялық автор Херберт Бергердің «Еще один Джексон, или Перебор» атты шығармасының желісіне негізделген.
Театр әртістері махаббат хикаясын әзілмен астастыра отырып, сан-қилы тағдырды, эмоцияларды дәл осы қойылым арқылы жеткізді.Сюжет желісі бір түннің ішінде көпқабатты үйде орын алған оқиғаларды баяндайды.
Театр актерлерінің айтуынша, әр қойылымның өз ерекшелігі бар. Көрермендерге ерекше әсер қалдыра отырып, керемет эмоция сыйлау басты міндет.  
 «Перебор» қойылымында Игорь Снегирев, Светлана Степанова, Андрей Воронин, Анастасия Витман және Сергей Засорин сынды театр әртістері өнер көрсетеді.