Аймақтағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты өткен жылы артқарылған жұмыстарды қортындылады. Аталған сотқа 957 әкімшілік іс түскен. Азаматтар көбіне жер, салық даулары, мемлекеттік сатып алу, тұрғын үй, денсаулық сақтау мәселесі бойынша көмекке жүгінген.
облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотынының төрағасы Ернар Әмірханов өткен жылға қорытынды жасап,арнайы жиын өткізді. Жиын барысында сотта атқарылған жұмыстар туралы айтып, статистикалық мәліметтерге тоқталды.
Сотпен шығарылған шешімдердің ішіндегі басым бөлігі жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауға қатысты.
Сондай-ақ, сотта тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарымен, мемлекеттік органдармен 427-ге жуық жұмыстар жүргізілген. Сотта қаралған істер әлеуметтік желілерде жарияланып отырды, дейді Ернар Әмірханов.