19 қаңтар күні православ христиандары – шоқыну мересін атап өтті. Аймақ бойынша бұл мереке түнінде 5600-ден астам адам суға түскен. Оның 300-і бала. Рәсім өткізу үшін облыс бойынша алдын ала 20 орын дайындалған екен.
Алтай мен Риддерде мың жарымға жуық адам осы түнде суға түссе, облыстың басқа аудандарында 1200-ден астам халық шоқыну мерекесіне жиналған. Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні алдын ала дайындалған суға түсу орындарында бақылау күшейтілді. ТЖ департаментінің мамандары мен полиция қызметкерлерінен құралған әрекет ету тобы дәстүрлі наным-сенім рәсімі оқыс оқиғасы өткенін хабарлады.
Наным-сенім мерекесін тойлауға келгендер үшін алдын ала түсіндірме жұмыстары өтті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқарушылардың және жергілікті атқарушы органдардың, жедел жәрдем дәрігерлерінің және басқа да орталықтардың 270 қызметкері мен 65-тен астам арнайы техника жұмылдырылған. ТЖД мамандары суға түсу орындарында кезекшілік бүгін кешке дейін жалғасатынын хабарлайды.