Мамандар биыл  облыс бойынша коммуналдық қызмет  құны өсуі мүмкін екенін айтады.
Заңға еңгізілген өзгерістерден кейін коммуналдық қызметке жауапты монополистер тариф бағасын бұрыңғыдай 5 жылда бір емес,  жыл сайын өзтеруге құқылы.  Осыған дейін тарифті әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттаған кезде ғана көтерілетін. Енді коммуналдық қызметтің  өсуіне өзге де себептер әсер етуі мүмкін.
Мамандар, коммуналдық қызмет тарифін көтеру монополистерге ескірген коммуналдық желілерді жөндеуге сеп болмақ.
Сондай-ақ, сапасыз жасалған қызмет үшін, коммуналдық қызмет өкілдері төлем сомасын қайта есептеуге міндетті.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаменті басшысының айтуынша, тариф құны себепсіз көтерілмейді. Коммуналдық қызметтердің құнын көтеру бірнеше жыл ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асады.