Облыс әкімі Даниал Ахметов қала және аудан әкімдері, басқарма басшыларымен кеңес өткізді. Жиында өңір тұрғындарын жанар-жағармаймен қамту, ұстаздардың біліктілігін арттыру, мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған шаралар талқыланды.
Көктемгі егіс науқаны қарсаңында аймақты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету аса маңызды. Тапшылық болмас үшін аймақ басшысы әр өңірге қарасты аудан мен қала әкімдеріне қанша жанармай қажет екенін қазірден бастап есептеу қажет екенін баса айтты.
Аймақтағы жанар-жағармай жетіспеушілігіне қатысты қала тұрғындарының пікірін сұрап көрдік.
Облыста көптілділік бағдарламасын жүзеге асыруға да баса назар аударылып отыр. Осы мақсатта қайта оқытудан 876 қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің оқытушылары өткен. Нәтижесінде аталған пәндерді оқыту әдістемесі жаңартылды.  Кәсіби біліктілігін арттырып, нәтижеге қол жеткізген мұғалімдер әріптестерімен тәжірибе алмаса алады, дейді облыстық білім басқармасының басышысы.  Оның айтуынша, аймақта екі маңызды пилоттық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның біріншісі, жазғы лагерлер болса, екіншісі – Еуропа елдерінің үлгісі бойынша «қонақ отбасы».
Еуропа елдерінің үлгісіне негізделген «қонақ отбасы» жобасы мемлекеттік тілді үйренуші жастардың қатарын арттыруға өз септігін тигізеді, дейді педагогтар .
Облыс әкімі тіл үйретуден бөлек, экскурсиялар, дәстүрлі ойындар мен өзге де бағдарламаларды қамтитын бастамаларды әзірлеуді тапсырды. Тың жобалар осы жылдың маусым айына дейін іске асуы тиіс.