Облыс орталығында дәстүрлі сенбілік жәрмеңке өтті. Бұл жолы ауыл шаруашылық өнімдерін Глубокое ауданы әкелді. Сатылымға  ірі қара етінен бастап, құрт – майға дейін қойылды.
Ет, сүт, егістік алқабына бай аудан базарлықтарын халық алдына жайды. Сауда сөрелерінде әсіресе, ет өнімдерінің түр-түрі тұрды. Қала халқы жәрмеңкеге сапалы және экологиялық таза өнімдер сатып алу үшін келген. Дәстүрлі жәрмеңкеде ауылшаруашылық өнімдері нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағамен сатылады. Ал, бұған халық дән риза.

Глубокое ауданының тұрғыны Маржан Кәдірханқызы жәрмеңкеге ет өнімдерін әкелді. Сатушының айтуынша, азық – түлік бағасы сапасына сай келеді.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының айтуынша, мұндағы баға тұрақтандырылған. 10 – 15 % төмен.

Тауар өндірушілер мен тұтынушы үшін таптырмас жәрмеңке қос тарапқа да тиімді. Тұрғындар таза, жергілікті тағамдарға қол жеткізсе, кәсіпкерлер өнімін өткізетін алаң табылғанына дән риза. Қала тұрғындары ұйымдастырушылардан осындай жәрмеңкені айына кем дегенде бір рет ұйымдастырып тұруларын өтінді.