Облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында жатыр мойны обырын алдын алу мақсатында ашық есік күні өтеді. Бұл бастама дүниежүзілік жатыр мойны обырын хабардар ету апталығы аясында қолға алынған. Ашық есік күніне орай тұрғындар дәрігердің тегін қабылдауына жүгіне алады.
Аймақта обыр дертінің алдын алу мақсатында медицина саласының қызметкерлері жүйелі жұмыс жүргізуде. Солардың бірі-ақыш есік күні. Жыл сайын өтететін шара да ақ халаттылар облыс тұрғындарының сауалдарына жауап беріп, тегін кеңес береді.
Жатыр мойны обырын алдын алу үшін 30 жастан 70 жасқа дейінгі әр әйел онкогинеколог қарауынан өтуі тиіс. Осы  орайда әйел денсаулығын сақтау мақсатында орталық қатерлі ісіктің алдын-алуға арналған ашық есік күнін өткізеді..
Қатерлі ісіктің алдыңғы сатысы мен ауруды уақтылы анықтау дерттен айығу мүмкігін арттырады. Сондықтан мамандар тұрғындарға берілген мүмкіндікті қалт жібермей, тексерістен өтіп, пайдалы кеңес алуына шақырды.