Аймақта «Борышкер» жедел - профилактикалық шарасы жүріп жатыр. Осыған байланысты облыстық Полиция департаменті әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттілігі туралы еске салады.
Айппұлын өтемей жүргендерді анықтауға бағытталған бастаманы жергілікті полиция қызметкерлері және сот орындаушылар  бірлесіп жүзеге асырып жатыр.
Шараның мақсаты – әкімшілік құқықбұзушылыққ жол беріп, әкімшілік айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды анықтау, шара қолдану. Сондай-ақ бұл қызметке жеке сот орындаушылары да тартылған.
Бұл мобильді топ борышкерлердің автокөліктерін тоқтатып, төленбеген әкімшілік айыппұлдарының бар-жоғын тексереді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
 «QORGAU – Қауіпті жүргізуші» мобильді қосымшасы арқылы ағымдағы жылдың басынан бері 4663-тен астам жол қозғалысы ережесін бұзған 2254 қауіпті жүргізушіні ұстады. Сондай-ақ, айыппұл бойынша берешегі бар 2660 жүргізуші анықталып, 689 көлік айыппұл тұрағына қойылды. Көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ 35 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.