Өскеменде 19 ғасырдағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің және өткеннің дәстүрлерін дәріптеп жүрген заманауи қолөнершілердің бірегей жұмыстары қойылған көрме ашылды.
Көрмеге сәндік-қолданбалы өнердің  бірегей туындылары қойылған. Ертеден қазақ шеберлері ағаш өңдеуде, былғары өндірісінде және кілем жасауда жоғары шеберлігімен танымал болған. Осы бірегей жәдігерлердің көбі облыс аудандары бойынша өлкетану экспедициялары барысында табылды.
Көрмедегі жәдігерлер сан алуандылығымен және композициялық тәсілдерінің ерекшелігімен тәнті етті. Көшпелілердің өмірінен сыр шертетін таңғжайып дүниелер көздің жауын алады. Ұсынылған бұйымдар қазақ халқының мәдени-тұрмыстық ерекшеліктерін көрсетіп, ұлттық мәдениеттің бірегей бөлігіне айналған.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, бірегей бұйымдар түрінде бағалы мұра қалдырды. Қолөнершілердің жоғары шеберлігі таң қалдырып, қазақтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жақын тануға көмектеседі дейді мұражай қызметкерлері.