Өскеменде жақында ашылған «Дикий КОТс» камералық театрының ұжымы тәжірибе жасаудан жалыққан емес. Бұл жолы да сахна саңлақтары өнер сүйер қауымға ерекше қойылым ұсынбақ.
 «Свободная пара» - «Дикий КОТс» камералық театрының алғашқы эксперименталды қойылымы. Бұл қойылым өзгелерден ерек. Себебі бүкіл спектакль көрермендер залында өтеді. Келушілер әртістерді өте жақын қашықтықта көреді. Эксперименталды алаңның тағы бір артықшылығы мұнда ешқандай шектеулер жоқ. Әртістер бір жерден екінші жерге еркін қозғалады.
Қойылым ерлі-зайыпты әртістер жайында.  Олардың қызыққа толы өмірі, кәсіптерінің қиындығы қойылым тақырыбына арқау болады.
Ерекше қойылымның тұсаукесері наурыз айында болады. Көрерменнің көңілінен шығып, халықтың қошеметіне ие болады деген үміттеміз дейді театр ұжымы.