Залда тифло аудармасы бар көрсетілімдер үнемі болады. Ол көру қабілеті нашар адамдарға арналған. Тифло аударма - бұл фильмнің бейнелеу элементтерін ауызша сипаттау. Мысалы заттар, костюмдер, іс-әрекеттер. Мұндай кинотеатр Өскеменде ашылғанына қуаныштымын, дейді Александра Леонтьева. Ол тифлокинотеатрға үзбей келеді.
Тифлокинотеатрда комедиялар және драмалар бар. Өйткені, мұнда келушілердің қалауы әртүрлі.
Көрсетілімдер екі залда өтеді. Ең үлкені 100-ден астам келушілерді қабылдайды. Көру қабілеті нашар адамдарға арналған кинотеатр айына бір рет болады. Мұнда кіру тегін.