Аймақта әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы қарқынды. Биыл жалпы саны 11 ғимаратты пайдалануға беру жоспарланған. Ал салалық басқарма өкілдері қандайда бір нысанды салу барысында тұрғындардың сұранысы ескерілетінін айтады.
Облыста құрылыс саласы қарыштап дамып келеді. Оның куәсі – бүгінде бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер мен басқа да түрлі нысандар. Биыл тағыда он нысанның құрылысы басталып, пайдалануға берілмек.
Сондай-ақ, «Нұрлы жол» шағын ауданында 599 орындық мектеп құрылысы басталды. Бұл нысан биыл тамыз айында халық игілігіне беріледі деп күтілуде.
Аймақта жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес іске асырылуда.
Салынып жатқан бұл нысандарды ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарланған.