Өңірде көптілділік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кешенді жоспар құрылған болатын. Жоспарды іске асыру үшін облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен жұмыс тобы жасақталды. Аймақта бұл бағытта атқарылып жатқан шаралар жайлы тілші бейнематериалында.
Қаладағы №38 мектеп гимназиясы оқушыларының айтуынша, білім ордасында ағылшын тілін жан-жақты меңгеруге, сондай-ақ, әртүрлі білім сайыстарына қатысуға мүмкіндік бар.
Білім ордасындағы ұстаздардың айтуынша, оқушыларға ағылшын тілін меңгерту, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру басты мақсат. Олардың тұрмыста, қоғамдық орындарда тілдік шектеуді сезінбей өзін еркін ұстауына мүмкіндік жасау.  
Мұғалімдердің тілдік дағдылары мен лингвистикалық дарындылығына назар аударатын білім мекемесінде, көптілділікті дамыту,соның ішінде ағылшын тілінін кешенді жоспарын жүзеге асыруға ағылшын тілінің мұғалімі Ирина Лабукова өз үлесін қосып жүр.
Сонымен қатар бұл білім ордасында талантты, дарынды оқушыларды пән олимпиадаларына дайындау жүзеге асырылады. Олимпиадаға дайындық жүйелі, тыңғылықты жұмысты талап етеді. Бұл ретте оқушылар әдеттегі емес, күрделі тапсырмаларды орындайды.