Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов  №9 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Мұнда елдің ертеңіне алаңдап өз таңдауын жасауға келген халықтың қарасы  көп. Әрі сайлау учаскелеріндегі жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біз бірге дұрыс таңдау жасайтынымызға сенімдімін, дейді облыс әкімі.
Бүгін елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға басталды.Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың сөзінше шығысқазақстандықтардың бұл сайлаудан үміті зор. Аймақ тұрғындары тұрақтылық пен бейбітшілік үшін өздерінің азаматтық ұстанымдарын белсенді түрде көрсетуге дайын.
Сайлау учаскесі ашлығаннан бастап мұнда ағылған халықтың қарасы қалың. Олардың арасында саяси науқанға алғаш рет қатысып отырған өскемендіктер де бар. Аймақ басшысы жастарды ел үшін маңызды шарадан шет қалмай, азаматтық көзқарастарын танытып жатқанына өз ризашылығын білдірді.
Біз еліміздің ертеңіне сеніп, оның өсіп-өркендеуі үшін  осы сайлауда бар күш-жігерімізді салуымыз керек, – деді облыс әкімі.