Қаладағы №7 орта мектептегі №100 сайлау учаскесінде дауыс берушілер толассыз келіп жатыр. Таңертеңнен бастап сайлаушылардың легі азаяр емес. Әнұранмен басталған бұл науқан бүгін кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Дауыс берушілердің көңіл-күйін көтеру үшін әуезді ән қосылды. Комиссия мүшелері дауыс берушілердің құжаттарын тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріп, тіркеуде.

Сайлау учаскесінде әзірге заң-бұзушылықтар анықталған жоқ. Жергілікті белсенділерден құралған байқаушылар қадағалап жүр.
    
Дауыс беруге асыққандар қатарында қариядан бастап, жастарға дейін бар. Ел азаматтары жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін дауыс бере алады.