Саяси науқанға жүкті әйелдер, жас босанған аналар мен перзентхана қызметкерлері де белсене қатысуда. Олар облыстық Ана мен бала орталығындағы №60 сайлау учаскесінде  өз таңдауларын жасады. Айта кетейік, орталықта дауыс беруге барлық жағдай жасалған. Кез-келген азамат өз таңдауын жасай алады.  
Дәрігерлердің айтуынша, жаңа босанған аналардың жағдайы жақсы, сондықтан өз таңдауын жасай алады. Орталық сайлау күні жағымды жаңалықтарға толы болды.   
Эльвира Райанова, жас ана. Ол күннің суығында сайлау учаскесіне жүгірмей-ақ,  мекеме ішінде дауыс беруге мүмкіндік жасалғанына дән риза.
Естеріңізге сала кетейік, Ана мен бала орталығы – облыс бойынша азаматтардың уақытша болатын орындарында құрылған 32 сайлау учаскелерінің бірі. Бұл тұрғындарға сайлау құқығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде.