Сайлау процесінің ашық әрі әділ өтуі тікелей коммиссия мүшелері мен байқаушыларға байланысты. Өңірдегі сайлау учаскелерінде бүгін 1000-нан астам тәуелсіз байқаушы жұмыс істеді. Алдын-ала арнайы семинар-тренинг өтіп, сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ететін олар өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарды.
Өскемендегі дауыс беру учаскелеріне ағылған халықтың қарасы бүгін қалың болды. Тіпті тұрғындардың біраз бөлігі түске дейін өз таңдауын жасады. «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының штаб мүшесі Аяужан Әшімова сайлау учаскелерінде тәртіп басты назарда,  заң талаптарының бұзылуына жол бермедік, - дейді.
Сайлау учаскелерінде бүгін байқаушылардың бірнеше санаты болды. Солардың бірі тәуелсіз байқаушы- Берік Қадыров. Ол азаматтардың әділ, демократиялық таңдауын жасауына үлес қосу – азаматтық парызым дейді.
Қазір байқаушылардың қоғамдағы қажеттілігі арта түсті. Олар саяси күш ретінде қабылдана бастады. Бұл біздің елдің демократиялық бағытта келе жатқанын көрсетеді.