Облыс орталығында Ұлан ауданы шаруаларының жәрмеңкесі өтті. Тауар өндірушілер жәрмеңкеде: ет, қымыз, сүт, бал, көкеніс сияқты түрлі өнімдерді саудалады.

Қала халқы демалыс күні әдеттегідей кезекті жәрмеңкеге ертелетіп ағылды. Бұл жолы Ұлан ауданының кәсіркерлері облыс орталығы тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін әкелді. Таңсәріден өз жұмысын бастап кеткен кәсіпкерлер тұтунышыларды сапалы өніммен қамтамасыз етті. Ұсынылған тауарлардың ішінде ет, көкөніс және бал жоғарғы сұранысқа ие.

Ұлан ауданының кәсіпкерлері 10 тоннадан астам өнім әкелген. Жәрмеңкеге жеткізілген табиғи өнімдердің бағасы арзан, қолжетімді.

Жәрмеңкеге келушілердің де қатары көп. Келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтады.

Сенбілік жәрмеңкеге жиналған жұрт табиғи таза өнімді алғандарына риза болып тарқасты.