«Тұғыры биік дирижер». Өскеменде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіковтың шығармашылық кеші өтті. Жалғасбек Бегендіковтың 70 жылдық мерейтойына арналған концертке «Байжігіт» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі мен өзге де елге танымал өнер ұжымдары  қатысты.
Қазақстанның еңбек сіңірген артісі, дирижер Жалғасбек Бегендіков 1953 жылы Маңғыстаудың Шетпе ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмәмдаған. Ол қазақ музыкасын Франция, Дания, Португалия, Швеция, Қытай сияқты елдерге танытқан. Өнер иесі 70 жылдық мерейтойында шығыс жұртымен қауышқанына өте қуанышты екенін айтты.
Дирижер тосын сый ретінде мерейтойына өскемендік шәкіртінде ерте келген.
Профессордың 70 жылдық мерейтойына өңірдің танымал әртістері де келді.
Оркестр – ұжым. Ал оны басқару дирижердің міндеті. Ал, Жалғасбек Бегендіков 40 жылдан астам уақыт ұжымды абыроймен басқарқан жан. Ізденіспен бірге қажырлылықты да талап ететін күрделі салада қызмет атқарған, елге еңбегі сіңген әртістің өнер тойына халық көп жиналды. Қошемет пен қолдауын аямады. Бұл – сахнадағы жарты ғасырлық тынымсыз еңбектің өтемі.