Облыс орталығында дзюдодан республикалық ашық біріншілік өтті. Турнир Шығыс Қазақстандағы дзюдо мен самбоның негізін қалаушы Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жанәділ Атаевтің құметіне арналды.

Б.Александров атындағы спорт сарайында өткен сайысқа Қазақстан, Қырғызстан және Ресейден келген 200-ден астам жас спортшыдан құралған 22 команда қатысты. Турнирдің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар қатысты.

Жанәділ Атаев ел намысын әлемдік аренада абыроймен қорғаған танымал дзюдошылардың бір емес бірнеше буынын баптап, байрақты додаларға қосқан. Шәкірттер қатарында Қазақстанның алғашқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Айдын Смағұлов та бар.

Балуандар 50-ден 90 келіге дейінгі жеті салмақ дәрежесінде белдесті. Жас спортшыларды қолдауға елдің ең үздік дзюдошылары келді.

Турнирге қатысушылар қарсыластарының бұл додаға тыңғылықты дайындықпен келгендерін атап өтті. Бабы мен бағы оза шапқан қатысушы жеңіске жетсін, деді жас дзюдошылар.

Турнир жеңімпаздары мен қатысушыларына арнайы сыйлықтар табысталды.